What are the responsibilities and job description for the HR маманы, Медицина мектебі position at Nazarbayev University?
Описание компании
Питтсбург университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта әзірленген Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Американың оқыту моделіне негізделген ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасын ұсынады. Мектеп студенттердің алғашқы легіне өз есігін 2015 жылдың күзінен бастап ашады. НУММ миссиясы Қазақстанның, Орталық Азияның және қалған барлық әлем халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-зерттеу және академиялық салаларда және денсаулық сақтау саласында көшбасшылық орындарды иеленуге даярланған клиникалық дағдылары бар және ғылыми-зерттеулерге бағдарланған дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.
Описание вакансии
1) кадрлық іс қағаздарын жүргізу: іссапарлар, Мектеп қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік демалысы туралы өкімдерді, жеке құрам бойынша шешімдер/өкімдерді (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару және т.б.), негізгі қызмет бойынша басшылықтың шешімдерін ресімдеу және есепке алу;
2) Мектеп қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді уақтылы енгізу, еңбек кітапшалары мен кірістірулерді қабылдау мен беруді тіркеу, жұмыс орнынан анықтамалар дайындау және беру және т.б.;
3) Мектептің академиялық және әкімшілік персоналын іріктеу рәсіміне жедел қолдау көрсету; Мектептің академиялық және әкімшілік кадрларын іріктеу жөніндегі комиссияны ұйымдастыруға және өткізуге көмек;
4) HR деректер базасын, құпия файлдарды және кадрлық құжаттаманы жүргізу. Университеттің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректерді қорғаудың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Мектеп қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу;
6) Мектептің штат кестесін әзірлеуге қолдау көрсету;
7) Мектеп қызметкерлерінің еңбек тәртіптемесін сақтауын бақылау;
8) 1С: Кәсіпорын ақпараттық жүйесінде Мектеп қызметкерлерінің жеке деректерін, жыл сайынғы демалыстарын, іссапарларын жүргізу;
9) Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің келісімімен шетелдік персоналдың келуін ұйымдастыруға жәрдемдесу: виза мәселелерін үйлестіру, жеке заттарды тасымалдауды, жануарларды/үй жануарларын қоса алғанда әкелуді (егер бар болса) және халықаралық персоналдың қоныс аударуына байланысты кез-келген басқа мәселелерді үйлестіру;
10) Университеттің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен және ұйымдарымен бірге жаңа оқытушы-профессорлар құрамының бейімделуіне қолдау көрсету;
11) оқытушылар мен қызметкерлерге жұмыс үшін қажетті құжаттар алуға көмектесу, салық және көші-қон органдарында тіркеуге көмектесу, жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін визаны ұзартуды үйлестіру;
12) Мектеп қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру мәселелерін үйлестіруге қолдау көрсету;
13) қажет болған жағдайда есептер мен деректерді ұсыну бөлігінде Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
14) оқытушыларға білім беру және зерттеу қызметтерін көрсету туралы шарттарды (Қазақстан Республикасына келмей) дайындау мен жүргізуде операциялық қолдау көрсету аванс төлеу/түпкілікті төлем үшін қажетті құжаттаманы дайындау;
15) халықаралық персоналдың еңбек демалысы кезіндегі сапарларын үйлестіруге, шығыстарды өтеуге, сондай-ақ әлеуметтік саясат шеңберінде шығыстарды өтеуді үйлестіруге қолдау көрсету;
16) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
17) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның және Басшының, сондай-ақ Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.
Требования к квалификации
Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Жоғары білім дәрежесінің келесі бағыттарда болуы: адами ресурстарды басқару; менеджмент; мемлекеттік басқару; іскерлік әкімшілендіру; құқықтану; халықаралық қатынастар/саясаттану осы лауазымның бағыттарына сәйкес келетін салаларда.
Кәсіби біліктілігі және жеке қабілеттері:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
- кадрлық іс қағаздарын жүргізу саласындағы процестер мен тәсілдерді білу;
- таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;
- MS Office бағдарламаларын білу; 1 C
- қазақ, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша дағдылар).
- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;
- тіл табыса білу;
- жауапкершілік;
- командада және өз бетінше жұмыс істей білу;
- стресске төзімділік;
- әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу
Дополнительная информация
Please visit our website https://nusom.nu.edu.kz to know more about the School of Medicine.
Процесс подбора персонала
Пожалуйста откликнитесь на вакансию через сайт https://nu.edu.kz/working-at-nu/jobs-at-nu
Подбор персонала в Назарбаев Университете включают следующие процессы: предварительный отбор на основе опыта и квалификации, оценки (например, технические навыки, способности, личность, образцы работы, неформальные собеседования) и мотивацию.
Финальное собеседование - это заключительный этап процесса . Обычно собеседования основаны на ценностях и поведении и проводятся на английском языке. Вам будет предложено поделиться своими взглядами и ценностями, чтобы определить, насколько они соответствуют основным ценностям Назарбаев Университета.